“Сапаны сақтау”
30.04.2026
Мектебізде 4 сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында “Сапаны сақтау” жобасы аясында сабақтарға бақылау жүргізілді. Қазақ тілі, математика және жаратылыстану пәні мұғалімдері қатысып, білім алушылардың 5-сыныпқа дайындық деңгейі жан-жақты сараланды.
Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейі, оқу дағдылары және пәндерді меңгеру ерекшеліктері назарға алынды. Нәтижесінде пән мұғалімдері тарапынан әдістемелік ұсыныстар беріліп, алдағы оқу үдерісін жетілдіру бағыттары айқындалды.
Бұл жұмыстар оқушылардың білім сапасын арттыруға және келесі оқу сатысына сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді.