«Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге»

04.05.2026
9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектебімізде 6–9 сынып оқушылары арасында «Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге» тақырыбында солдатқа хат жазу жұмысы ұйымдастырылды.
✍️ Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Ұлы Жеңістің тарихи маңызын терең түсінуіне ықпал ету, батыр бабаларымыздың ерлігін дәріптеу және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру.
📚 Хат жазу барысында оқушылар жауапкершілік танытып, өз білімдерін көрсетті. Бұл жұмыс олардың сауаттылығын арттырумен қатар, ел тарихына деген құрметін нығайтуға бағытталды.
🇰🇿 Батырлардың ерлігі – мәңгілік үлгі! Ұрпақ жадында сақталатын құндылықтар осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы жалғасын табады.