Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
1 желтоқсан – СПИД-ке қарсы Халықаралық күрес күні.
Мақсаты-АҚТҚ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру. АҚТҚ/ЖИТС-тың таралуының алдын алу және ақпарат беруге бағытталған.
Салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруге, жаман әдеттен аулақ болуға кеңестер берген мектеп психологы: Нарғожа Д.Ш. "ЖИТС- ғасыр дерті" атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шара барысында адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдары мен одан сақтану туралы түсінік берілді.