«Жасай бер спорт! АЛҒА» көңілді мәре спорттық ойын
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңында салауатты өмір салтын насихаттауға орай, «Жасай бер спорт! АЛҒА» көңілді мәре спорттық ойыны өтті.
Мақсаты: Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
Спортқа деген сүйіспеншілік пен қызығушылық арқасында оқушылар ұйымшылдық пен достықты, жылдамдық пен шапшаңдықтарын байқатты. Жауапты мұғалімдер Ескакова Н.А. мен Курумбаева О.А. командалық жарыс түрін, ойын әдісімен спорт алаңында өткізді.