"Жастар арасындағы электронды темекіге құмарлық және оның зардаптары" сұхбат кездесу
Бүгінгі жастар заманауи жаңа технология түрлерін белсенді түрде игеріп, трендтегі алуан түрлі өнімдердің денсаулық үшін кері әсерін байқамай қалып жатыр. Мәселен, электронды темекі көпшіліктің назарын аудартып, алаңдатып қойды. Сәнді дизайны мен ерекше хош иісі бар электронды темекіні тұтынатын вейперлер қауымы бұл өнімнің денсаулыққа зиянына бейқамдық танытуда.
Мектеп психологы Нарғожа Д.Ш. ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Жастар арасындағы электронды темекіге құмарлық және оның зардаптары» тақырыбында ашық сұхбат кездесу өтті.
Кездесу модератор ретінде медбике Кыдыбекова Б.Е. шақырылды. Кәсіби маман электронды темекінің шығу тарихы, құрамы мен жасалу технологиясы туралы арнайы дайындаған бейнеролик арқылы терең мағұлмат берді. Оқушылардың талқыланған мәселеге деген белсенділігі жоғары болып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.