"Менің рәміздерім- менің мақтанышым”
4 маусым - Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мемлекеттік рәміздерге арналған мәртебелі күн. "Менің рәміздерім- менің мақтанышым”атты іс шара.
Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде есте қалады.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, оқушыларды отансүйгіштікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Әр баланың жүрегі тәуелсіз Қазақстанның бақыты мен берекесін, еркіндігі мен ерекшелігін сезініп рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер жапсырып, буклет жасап, мақал- мәтелдер айтып, Отан, жер туралы нақыл сөздермен танысты. Егемен елдің көк Туы көгілдір аспанда мәңгі қалықтасын!