Дені саудың - тәні сау!
Мектебімізде жазғы сауықтандыру лагерінің бірінші маусымының ашылу салтанаты "Мен есірткіге қарсымын!" және "Дені саудың жаны сау" тақырыпта топсеруенмен басталды. Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері өз жұмысын таңертеңгілік жаттығумен бастап, түрлі спорттық қызықты ойындар ойнатылып, табиғат аясында тамақтанды.
Мақсаты – оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру. Жасөспірімдердің назарын нашақорлық, есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтына баулу. Нашақорлықтың қоғамға келтіретін әлеуметтік зияны ҚР-дағы жалпы және балалар қылмысының деңгейін арттырады.
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!