1 маусым – балаларды қорғау күні
1 маусым – балаларды қорғау күні мектебімізде ең шуақты, балалардың жарқын мерекесін тойлауды дәстүрге айналдырған күн. Бұл күні қуанып, бақытты болған балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелікте аға тәлімгер Иманбекова Ж.Б. ерекше тілегін жеткізіп, бүлдіршіндерді құттықтады. Бала қатысқан іс шараға бастауыш мұғалімдер мен " Балапан" шағын орталығының тәрбиешілері түрлі ойындар ұйымдастырып, мерекенің шырайын кіргізіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар ән салып, би билеп жарқын күлкілері, жайдары жүздері мерекелік атмосфераны шуақтандырды. Кеш соңында белсенді қатысқан балалар тәтті сыйлықтар алды.
Бүлдіршіндеріміздің балалық шағы бақытқа толсынІ Мереке құтты болсын!